Петропавл дүрлігіп кетті: Желіде жалаңаш балалардың суреттері пайда болды
© Сурет: pixabay
Желіде балалардың ұятты суреттері мен видеолары пайда болды. Петропавлдық оқушыларды қамтыған бұл контент лезде тарап, өте көп қаралым жинаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай мазмұндағы Telegram арнаның қашан пайда болғаны белгісіз, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бірақ ол өткен аптаның соңында керемет танымалдылыққа ие болған. Арнаға 10 мың адам жазылған. Балалардың аты-жөні және ұятсыз сипаттағы суреттері бар жарияланымдар әр 10 минут сайын пайда болып, сан мыңдаған қаралым жинаған.
"Балалардың порно таспаның кейіпкерлеріне қалай айналғаны түсініксіз. Ресми органдар бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Сурет мен видеодан мектеп оқушылары өз сыныптастарын танып жатыр. Даулы арнаның авторы кім және оған қандай жауапкершілік жүктеледі, әзірге ол жағына да құқық қорғау органдары назардан тыс қалдырып отыр. Бүгінгі таңда ұятсыз мазмұндағы контент бұғатталған", делінген хабарламада.
Zakon.kz редакциясы да СҚО ПД баспасөз қызметіне сауал жолдап қойды.
Бүгін ғана Бас прокурор Берік Асылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура қабылдап жатқан кешенді шаралар туралы баяндап, әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс екенін айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





