Педофилдерге химиялық кастрация жасау ережесіне өзгеріс енгізілгелі жатыр
© Сурет: pexels
Заңға түзетулер енгізуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып, арнайы жоба әзірленді. Өзгерістер жыныстық сипаттағы қылмыстардың қайталануын болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 18 тамызға дейін қоғамдық талқыға ұсынылды.
"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасында:
"Мекеме әкімшілігі химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану және материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа жіберу туралы түзету енгізеді", делінген.
Айта кетсек, Қазақстанда химиялық кастрация кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілік құқығына қарсы жасалған қылмыстық істерге барған 18 жастан жоғарыдағыларға қолданылады.
Бұған дейін Қазақстанда педофилдерді өмір бойына тіркеуге қоятын заң жобасы қабылданғалы жатқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 18 сәуір 2026
Полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстады
-
13:05, 18 сәуір 2026
Қазақстандық үшінші ұлттық бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттануға дайын
-
12:39, 18 сәуір 2026
Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кетті
-
12:11, 18 сәуір 2026
18 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
11:45, 18 сәуір 2026
Қазақстанда алаяқтықтың 18 жаңа тәсілі анықталды: Бас прокуратура халыққа ескерту жасады





