Қазақстанда алаяқтықтың 18 жаңа тәсілі анықталды: Бас прокуратура халыққа ескерту жасады
© Фото: unsplash
17 сәуір күні Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңестің отырысы өтті, дееп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыс барысында соңғы үш айда киберқылмыстар санының азайғаны атап өтілді.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылы мұндай құқық бұзушылықтар саны 15,1%-ға (6 216-дан 5 275-ке дейін) қысқарды.
Оң динамика мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қылмыстық қауіп-қатерлерге реактивті әрекет етуден проактивті әрекет етуге көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың нәтижесі болды.
"Атап айтқанда, кредит беру саласындағы қауіпсіздік күшейтілді: "салқындау кезеңі" енгізілді, алғашқы қарызды ресімдеу кезінде міндетті жеке қатысу талабы белгіленді және өзге де қорғаныс тетіктері іске асырылды. Байланыс саласында да елеулі өзгерістер енгізілді: SIM-бокстарға тыйым салынды, абоненттерді биометриялық тіркеу енгізілді, операторларға антифрод-жүйелерді қолдану және алаяқтық қоңырауларды бұғаттау міндеттелді",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы (банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру) күшіне енген сәттен бастап 446 іс тіркелді.
Ұлттық банк жанындағы Антифрод-орталық арқылы алаяқтық операциялармен байланысты 2,8 млрд теңге бұғатталды.
Бұл ретте, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрылымында қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды.
2026 жылғы 18 сәуірден бастап Комитетке заңнамалық тұрғыда жаңа функция – мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеуді қоса алғанда, болжамдық-талдамалық қызмет жүктеледі.
Орталықтың талдауы көрсеткендей, алаяқтық қоңыраулардың едәуір бөлігі мессенджерлер (ең алдымен WhatsApp) арқылы жүзеге асырылады, бұл қылмыскерлер белсенділігінің дәстүрлі телекоммуникациялық инфрақұрылымнан тысқары ауысқанын білдіреді.
Орталық 18 жаңа киберқауіпті анықтады, олардың ішінде шетелде орналасқан қылмыскерлердің SMS-бластерлерді (байланыс операторларын айналып өтіп жаппай хабарлама жіберуге арналған құрылғылар) пайдалануы; фишингтік таралымдар мен дипфейк технологиялары; нөмірлерді алмастыру және тіркелмеген SIM-карталарды қолдану схемалары бар.
Мысалы, 2026 жылғы 4 сәуірде елде алғаш рет SMS-бластерді пайдалану фактісі әшкереленді, бұл құқық қорғау органдарының киберқылмыстың жаңа түрлерін жедел анықтап, жолын кесуге қабілетті екенін көрсетеді.
Бұған дейін ШҚО-да есірткі таратқан екі күдікті ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:05, 18 сәуір 2026
Қазақстандық үшінші ұлттық бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттануға дайын
-
12:39, 18 сәуір 2026
Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кетті
-
12:11, 18 сәуір 2026
18 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
11:22, 18 сәуір 2026
ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды
-
11:22, 18 сәуір 2026
Жалдамалы пәтерде есірткі таратумен айналысқан: ШҚО-да есірткі таратқан екі күдікті ұсталды





