Полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстады

13:42, 18 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматы полициясы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Әл-Фараби даңғылында бір топ жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұза отырып, қауіпті маневрлер жасағаны бейнеленген видеоны анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнежазбада тіркелген бұзушылықтар:

  • қарсы бағыттағы жолаққа шығуы,
  • күрт маневрлер жасауы,
  • апатты жағдай туындатуы,
  • қауіпсіздік талаптарын елемеуі.
"Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық жүргізушілер анықталып, ұсталды. Құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туындату, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды". Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаев

Бұған дейін ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан екі күдіктінің ұсталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!