Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

20:00, 17 сәуір 2026

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 17 сәуірде Анталия дипломатиялық форумының ресми түрде ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты іс-шарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйледі.

Сондай-ақ форум жұмысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду, Сирия Президенті Ахмед Аш-Шараа, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийе, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекеди, Босния және Герцеговина Төралқасының Төрағасы Денис Бечирович, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, сондай-ақ басқа да делегация басшылары қатысты.

Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын жоғары деңгейде өтетін халықаралық пікірталас алаңы. Іс-шара саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосады.

Сондай-ақ форум екіжақты және көпжақты байланыстарға, саяси консультациялар мен бейресми кездесулерге арналған тиімді платформа саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!