Павлодарлық оқушының стартапы Google-дан грант пен 35 мың доллар инвестиция алды

13:46, 2 сәуір 2026

© Сурет: gov.kz

Қазақстандық оқушы Игорь Мартынюк Google-дан грант пен 35 мың доллар инвестиция алған стартап құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 2 сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

"Павлодар қаласының 11 сынып оқушысы Игорь Мартынюк YC Startup School білім беру бағдарламасына толық грант иеленген Орталық Азиядағы алғашқы оқушы атанды. Бұл бағдарламаны әлемдегі ең танымал стартап акселераторлардың бірі Y Combinator ұйымдастырады",- делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Игорь TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі.

"Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады. Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды". ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Атап өтілгендей, бағдарламадағы жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді шақыру туралы шешім қабылдап, оның Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысу шығындарын толық өтеді. Оның ішінде жол ақысы, тұру және оқуы қарастырылған.

Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.

"Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр".ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бұған дейін қазақстандық оқушының әлемдегі беделді университеттердің біріне оқуға қабылданғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!