Павлодарда бүлдіршінге дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылды

17:32, 2 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Павлодарда дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылды. Оқиға № 79 балабақшада болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Тәрбиешінің видеода бүлдіршіндердің басынан нұқып жібергені түсірілген сәт әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдеде № 79 балабақшаның орта топ ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінген.

"Бейнежазбаны қарау барысында 26-27 маусымдағы жазбаларда түстен кейін тәрбиешінің дөрекілік танытқаны тіркелді. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, аталған факті бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ бөлімде барлық материалдар білім бөлімін уақтылы хабардар етпегені үшін құқық қорғау органдарына берілетінін хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!