Павлодар облысында жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
© Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Халыққа сервистік қызмет көрсету шеңберінде күнделікті патрульдеу кезінде патрульдік полиция взводының қызметкерлері иесіз малға ерекше назар аударады және жол бойында малдың болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Үй жануарларына тиісті бақылаудың болмауы тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларына және мал ұрлығына алып келуі мүмкін.
Мәселен, 10 тамыз түнгі сағат 23:45 шамасында Атамекен – Курчатов автожолының 7 шақырымының бойында қараусыз жүрген жылқылар жол бөлігіне шығып, жол апатына себеп болды. Nissan Cefiro маркалы көліктің жүргізушісі жылқымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынын салдарынан екі бала мен үш ересек адам жеңіл дене жарақатын алып, Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.
Жылқы иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар ол бүлінген көлік үшін жүргізушіге залал сомасын өтеуге тиіс.
"Ақсу қаласының аумағында бүгінгі күні малға арналған 8 айыппұл тұрағы бар, оларға жыл басында 5 000-нан астам бас мал орналастырылған. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 168 тұрғын жауапқа тартылды". Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Тимур Шаудыров
Павлодар облысында бүгінгі таңда 1318 мал иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





