Павлодар облысында жасымықтың өнімділігі рекордтық көрсеткішке жетті
Ертіс өңірінің диқандары биыл алғаш рет жасымық тұқымын жерге сіңіріп, мол өнім алуда. Бүгінгі таңда ірі шаруа қожалықтары бұршақ тұқымдас өсімдікті үш мың гектарға еккен. Бір гектарынан 15 центнер жасымық сіңірген.
Шаруалардың айтуынша, бұл бұрын-соңды қол жеткізбеген көрсеткіш. Қазір жасымық – ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие дақыл. Өсімдіктің бір тоннасы 800 АҚШ долларына жетеді екен. Өнім көбіне алыс-жақын шетелден тасымалданады. Импортты өнімді отандық дақылмен алмастыру мақсатында облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын әртараптындару жұмысы қарқын алған. Нәтижесінде жердің ебін тапқан диқандар бұрын-соңды өсірілмеген өнімдерді егудің технологиясын меңгерді.
Еске сала кетсек, өңір фермерлері биыл астық, көкөніс және бақша өнімдерінің тұқымын бір миллион гектардан астам жерге сепкен. Бірнеше күнде астық алқаптарына орақ түседі.
Александр Поляков, шаруа қожалығының басшысы:
-Жасымықтың нарықтағы бағасы жоғары. Нарықта жоғары сұранысқа ие. Әрине өсіріп-баптау да оңай емес. Дегенмен агротехнологияны дұрыс қолданса, өнім молынан түседі. Бүгінде Қазақстанның нарығы жасымықпен толық қамтылмаған. Сондықтан болашақта егістік алқаптарын ұлғайтпақ ойдамыз.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





