2 градус аяз: синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

15:20, 27 қыркүйек 2024

© Фото: pexels

Демалыс күндері Шымкентте ауа температурасы 24 градусқа дейін жылыса, Алматыда үсік жүреді. Ал Астанада жаңбыр жауады. 2024 жылдың 28, 29 және 30 қыркүйегіндегі ауа райы қандай болатыны жайында "Қазгидромет" РМК айтты, деп хабарлады Zakon.kz.

Астана

28 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы.

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 18-20 градус жылы.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы.

Алматы

28 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 17-19 градус жылы.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 19-21 градус жылы.

Шымкент

28-29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар қазақстандықтарды күздің ақыры өз мезгілімен келгеніне сендірді. Синоптиктер алғаш рет Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз болатынын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!