Павлодар облысында 16 жастағы асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады

17:24, 22 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Павлодар облысында 16 жастағы асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады. Зорлық фактісі медициналық тексеру барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазинаның сөзінше, отбасыда бес асыранды бала болған. Жасөспірімдер ересектердің сөзін алмай, тыңдамаған соң асырап алушылар олардан 2022 жылы бас тартқан. Олардың арасында16 жастағы қыз зорлықтың құрбаны болған.

"Мекемеде жоспарлы медициналық тексерулер жүргізілуде. Гинеколог маманы кәмелетке толмаған қызбен әңгімелесу барысында осындай факті анықталды. Қыздың сөзінше, асырап алушы ата-анасының тарапынан оған қатысты зорлық болған. Бүгінгі таңда сол отбасыдан қайтарылған бес бала медициналық тексеруден өтеді", - деді Самал Айтқазина.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған адамды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, күдікті осы факті бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!