Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды

22:17, 22 қараша 2024

© Сурет: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне, 3 600 гр салмақпен туылған ер бала жеткізілді.

Кеңірдек ақауымен туылған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек — өңештік жыланкөз" диагнозы қойылған.

Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге "Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия" операциясын жасап шықты.

Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!