Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды

17:29, 25 ақпан 2021

© Сурет: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы Ақсу кентінде 23 жастағы өрт сөндіруші қайтыс болды. Жас жігіт өрт сөндіру кезінде зардап шеккен, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, облыстық жедел жәрдем станциясына бүгін - 25 ақпанда таңертең қоңырау түскен.

- Бригаданың шығуы жеделдіктің бірінші санаты бойынша ұйымдастырылған. Жол бойында жедел жәрдем көлігі Ақсу кентінің амбулаториялық бекетіне жіберілді. Оқиға орнында 1997 жылы туған ер адамның өлімі анықталды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар қоңырау ГРЭС амбулаториялық бекетінен түскенін айтады. Ер адам Театральная көшесіндегі өртті сөндіру кезінде зардап шеккен.

Зардап шеккен азаматтың улы газбен уланғаны, сондай-ақ беті мен қолын күйік шалғаны анықталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!