Павлодар облысында 1,5 жасар бала бесінші қабаттан құлады

22:40, 28 тамыз 2024

© Сурет: pixabay

28 тамызда Павлодар облысында 1,5 жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Дәрігерлер баланың жағдайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"28 тамызда сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылы туған ұл бала жеткізілді. Ол бесінші қабаттан құлаған. Баланың жасы – 1 жас 8 ай", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бала тексеріліп, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы.

Бала травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Айта кетсек, 28 тамызда Қарағандыда ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен 10 жасар бала құтқарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!