Павлодар облысында шекараны бұзған ресейлік есірткімен ұсталды
© Фото: zakon.kz
Павлодар облысында шекараны бұзған ресейлік есірткімен ұсталды. Ол сот шешімімен сегіз айға бас бостандығынан айырылып, елден 5 жылға шығарылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Успен аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматы Ю.-ға қатысты бірнеше айып бойынша қылмыстық іс қаралды. 25 жастағы шетел азаматы мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту, есірткіні өткізу мақсатынсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және айналыстан алынған заттардың контрабандасына оқталу фактілері бойынша айыпталды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың шілде айында Ю. өткізу пунктінен тыс жерде Ресейден Қазақстанға жаяу кіріп келген. Қазақстанда жүріп, тамыз айында Павлодар қаласында «Telegram» желісі арқылы «марихуана» есірткі затын сатып алған. Оны пайдаланғаннан кейін, ол шекаралық бақылаудан өту үшін «Қосақ» шекара бекетіне келген.
Алайда, шекаралық бақылау кезінде Ю.-ның қол сөмкесінің ішкі қалтасынан кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Сот барысында айыпталушы Ю. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды.
Сот Ю.-ның кінәсін толық мойындауы мен жас болуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде, ал қылмысты есірткілік масаң күйде жасауын ауырлататын мән-жай ретінде таныды. Үкіммен, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Ю. түпкілікті сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарылып жіберіледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:57, 24 қаңтар 2026
Қазақстандағы Италия елшілігі виза беруді уақытша тоқтатты
-
10:18, 24 қаңтар 2026
Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
-
10:18, 24 қаңтар 2026
Кедендегі даулы іске байланысты шетелде қашып жүрген экс-шенді Қазақстанға экстрадицияланды
-
09:58, 24 қаңтар 2026
АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ерекше ұсыныс жасады
-
09:46, 24 қаңтар 2026
Касса және чек шығару: Қазақстанда фискалдау тәсілдері қандай өзгеріске ұшырады





