Павлодар қаласы әкімдігінің бір топ қызметкері 89 млн теңге ұрлады деген айыппен сотталды

19:58, 3 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылы 3 мамырда Павлодар қаласының № 2 соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша бір топ адамға қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта мыналар анықталды:

  • 2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері - А.Г., М.А., Б.А., Ж.А., А.А. қызметтік бабын пайдалана отырып, мүгедектердің жеке көмекшілерінің жұмысы үшін заңсыз ақы төлеу арқылы бюджеттен 89 миллионнан астам теңгені жымқырған.
  • Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

Сотталушылар кінәларын толық мойындады және залалды өтеді.

Сот мыналарды ескерді:

  • кінәсін толық мойындауды және шын ниетпен өкінуді;
  • іс бойынша келтірілген залалды ерікті түрде өтеуді;
  • А.Г., А.А., Ж.А., Б.А.-да жас балалардың болуын;
  • М.А.-ның айыбын мойындап келуін;
  • қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді көмек көрсетуін;
  • тұрғылықты жері бойынша жағымды сипатталуларын ескерді.
"Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін айтарлықтай төмендететін, жоғарыда аталған жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, кінәлі тұлғаларға ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігі негізінде әртүрлі мерзімге 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады".Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі

Сотталғандарға жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту және міндеттер белгіленеді.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!