Париж соты қамаудағы Павел Дуровты босатты

19:54, 28 тамыз 2024

© Сурет: Instagram/durov

Париж соты 28 тамызда Telegram-ның бас директоры Павел Дуровты қамаудан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы BFMTV француз телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, тергеу судьясы жауап алу және ары қарай айып тағу процедуралары үшін Павел Дуровты қамауда ұстау шешімінің күшін жойды. Дегенмен сот отырысы өз жалғастығын табуда, оның барысында Дуровтың одан кейінгі құқықтық мәртебесі туралы шешім қабылданатын болады.

Бұған дейін Франция құқық қорғау органдары Павел Дуровтың ағасын да тұтқындағысы келетіні мәлім болды.

2024 жылы 24 тамызда Павел Дуров Францияда Ле Бурже әуежайында ұсталды. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз азаматтығына ие Дуров елде іздеуде жүрген адамдардың тізімінде болған. ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Парижде Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады. Ол Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауым білдіргісі келетінін айтты. Сондай-ақ Telegram командасы Дуровтың ұсталуы жайлы алғаш рет түсініктеме берді. Бүгін Франция президенті Эммануэль Макрон кәсіпкердің ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындау саяси шешім емес екенін баса атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!