Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
© Фото: freepik
Үндістандық ғалымдар адамдар арасында құс тұмауының H5N1 түрінен пандемия басталу сценарийін модельдеді. Олардың айтуынша, індет бастапқыда байқалмай таралуы мүмкін, ал оны тежеу үшін алғашқы күндері жедел әрекет ету аса маңызды, деп хабарлайды Zakon.kz.
SciTechDaily дерегінше, профессор Гаутам Менон қауіптің шынайы екенін, бірақ мұқият мониторинг пен жылдам жауап шаралары арқылы оның алдын алуға болатынын айтты. Алдымен вирус адамға құстардан жұғады, ал ең үлкен қауіп – кейін адамдар арасында тұрақты түрде беріле бастауында.
BharatSim платформасында жүргізілген модельдеу "мүмкіндіктердің өте тар терезесі" бар екенін көрсетті. Егер небәрі екі жағдай анықталып, науқастармен байланыста болғандар дер кезінде оқшауланса, індетті тоқтату мүмкіндігі өте жоғары. Ал егер ауру жұқтырғандар саны 10-ға жетсе, инфекцияны бақылауда ұстау іс жүзінде мүмкін болмай қалады.
Зерттеушілер алдын алу шараларын Үндістандағы құс шаруашылығы дамыған аймақта орналасқан бір ауылдың үлгісінде сынаған. Қорытынды көңіл көншітпейді: құстарды жаппай жою адамдарға вирус жұқпай тұрып қана тиімді, ал карантин тек ең бастапқы кезеңде ғана нәтиже береді.
Эмори университетінің вирусологы Сима Лакдавала H5N1 пандемиясы COVID-19-ға қарағанда, 2009 жылғы шошқа тұмауына көбірек ұқсауы мүмкін деп есептейді. Дереккөздің мәліметінше, егер вирус адамдар арасында орнығып кетсе, ол маусымдық тұмау штамдарымен араласып, ретсіз әрі болжап болмайтын эпидемияларға әкелуі мүмкін.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гонконг тұмауына қатысты алаңдаушылық білдіруде екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 19 желтоқсан 2025
Тоқаев орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды
-
14:10, 19 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді
-
14:08, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан Президенті әлемдегі қақтығыстардың ушығуына алаңдаушылық білдірді
-
14:04, 19 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
-
13:23, 19 желтоқсан 2025
Мысыр жағалауынан перғауындардың «жүзбелі сарайы» табылды





