Мысыр жағалауынан перғауындардың «жүзбелі сарайы» табылды
© Сурет: Christoph Gerigk,Franck Goddio/Hilti Foundation
Александрия қаласының жағалауынан Франк Годдио жетекшілік еткен суасты археологтары шамамен 2000 жыл бұрын жасалған ірі кеменің қалдықтарын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Dive Pacific мәліметінше, бұл кеме Птолемейлер дәуірінде және ерте Рим кезеңінде ақсүйектердің серуендеуіне арналған ойын-сауық кемесі ретінде пайдаланылған болуы мүмкін.
Сақталып қалған кеме корпусының бөліктері 28 метрге дейін жетеді. Ғалымдар оның толық ұзындығы шамамен 35 метр, ені 7 метрге жуық болған деп болжайды. Мұндай жүзбелі сарайлар туралы ежелгі авторлар, соның ішінде географ Страбон да жазған. Алайда осы уақытқа дейін олардың нақты археологиялық айғақтары табылмаған еді.

Сурет: Christoph Gerigk,Franck Goddio/Hilti Foundation
Кеме ежелде Александрияның Үлкен айлағында орналасқан, Исис (Исида) құдайына арналған ғибадатхана болған суға батқан Антиродос аралы маңынан анықталды. Ғибадатхана шамамен б.з. 50 жылдары жер сілкінісінен қираған болуы мүмкін, ал аралдың өзі IV–VIII ғасырлар аралығында толығымен су астына кеткен.
Кеменің Исис ғибадатханасына жақын орналасуына байланысты ғалымдар екі негізгі болжамды алға тартып отыр:
- Страбон сипаттағандай, Александрия каналдарымен ақсүйектерді "лотос гүлдерінің арасымен" серуендетуге арналған салтанатты кеме болған болуы мүмкін.
- Енді бір болжам бойынша, діни-ғұрыптық мақсатта пайдаланылған: мысалы, құдайға арналған мерекелер кезінде қала ішінде сәнделген ладья алып жүрілетін "Исистің кемесі" рәсіміне қатысқан болуы ықтимал. Бұл рәсім құдайлардың сапарын бейнелеген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл олжа ерте римдік Мысырдағы күнделікті өмірді, діни салт-жораларды және сән-салтанат туралы түсініктерді тереңірек зерттеуге жаңа мүмкіндік ашып отыр.
Бұған дейін Иранда "ақырзаманның бір белгісі" көрінгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 19 желтоқсан 2025
Мінсіз бедел және жаңа тыйымдар: Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін не өзгереді
-
15:05, 19 желтоқсан 2025
АҚШ грин-карта ұтыс ойынын уақытша тоқтатты
-
14:57, 19 желтоқсан 2025
Қазақстанда автокөліктің техникалық құжатын қалпына келтіру: нені білу керек
-
14:46, 19 желтоқсан 2025
Павлодарда жас жігіт синтетикалық есірткіні таратуға дайындық үстінде ұсталды
-
14:37, 19 желтоқсан 2025
Алдағы күндері Қазақстанда аяз −35 градусқа дейін күшейеді





