Өскемендік тұрғын 20 жыл бұрын алынған несиені төлеуден бас тартып, сотта жеңіп шықты
© Фото: Zakon.kz
Өскеменде банк 20 жыл бұрын "алаяқтар" арқылы алынған несиені ер адамнан өндіріп алмақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының ақпаратына сүйенсек, банк қазақстандыққа қарсы сот арызын берген. Белгілі болғандай, 20 жыл бұрын азаматтың атына белгісіз адамдар несие рәсімдеген. Бұл ретте, ер адам несие өзінің келісімінсіз алынғанын айтып, туындаған қарызды төлеуден бас тартқан.
"Істі қарау барысында 2005 жылдың 2 қыркүйегіндегі банктік қарыз шартын үшінші тұлғалар азамат Ю.-ды келісімінсіз, жалған қол қою арқылы жасасқаны анықталды. Сот-жазба сараптамасына сәйкес келісімдегі қолдың азаматқа тиесілі емес екенін растады. Сонымен қатар, осы факті бойынша бұрын қылмыстық іс қозғалып, кейіннен қылмыстың құрамы расталмағандықтан және жеткілікті дәлелдердің болмауына байланысты тоқтатылған. Сондай-ақ банк ішкі тексеріс жүргізген",- делінген ақпаратта.
Сот азаматтың даулы келісімшарттың тараптары болмағанын және қарызды өндіру мүмкін еместігін анықтап, осыған байланысты келісімшарт жарамсыз деп танылып, банк талаптары негізсіз деп шешім шығарды.
Бұған дейін Өскеменде ерекше салмақпен қыз бала дүниеге келгендігін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды
-
13:15, 15 желтоқсан 2025
Байқоңырдан «Протон» зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды





