Өскеменде 15 жастағы қыз өлі күйінде табылды

17:19, 18 қыркүйек 2018

Оқиға кеше қаладағы 19 ықшам ауданда болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Сағат кешкі 21.00-де полицияға Есенберлин даңғылы, 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен

15 жастағы жасөспірім қыздың денесі пәтерден табылып отыр. Ол колледж студенті екені анықталды.

«Денесінде зорлық белгілері бар», - деп мәлімдейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аталған қылмыста күдікті болып танылған 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!