Өскеменде 61 жастағы ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты

21:40, 1 қазан 2026
MKZ: 1570032

© Фото: unsplash

Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. 61 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды. Осы факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай Ушанов алаңы маңындағы тұрғын үйде болған.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, зейнеткер тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Құқық қорғау органдары қала тұрғынының қаза болғанын растады. Аталған факті бойынша тергеу басталған.

"Өскемен қаласының 61 жастағы тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі 1 қазанда Zakon.kz тілшісіне.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!