Нью-Йорк метросында ер адам сөмкесі есікке қысылып қалып, қаза тапты

09:42, 1 қазан 2026
MKZ: 1569876

© Сурет: magnific.com

АҚШ-тың Бруклин ауданында 57 жастағы ер адам сөмкесі метро вагонының есігіне қысылып қалғаннан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиға Бедфорд-Стайвесант ауданындағы Utica Avenue станциясында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, ер адам Манхэттен бағытына қарай жүріп бара жатқан A желісіндегі пойыздан түсіп жатқан кезде оның сөмкесі есікке қысылып қалған. Осыдан кейін пойыз қозғалып, жолаушыны кері қарай сүйреп кеткен.

Тергеу мәліметінше, ер адам вагондардың арасына түсіп, кейін рельске құлаған.

Оқиға туралы полицияға шамамен сағат 18:05-те хабарланған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамды ес-түссіз күйде тауып, оның қайтыс болғанын анықтады. Қаза тапқан азаматтың Бруклин тұрғыны Яу Боахене екені белгілі болды.

Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Нью-Йорк метросында мұндай оқиғалар сирек кездеседі. Бұған дейін 2022 жылы Columbus Circle станциясында 20 жастағы жолаушының киімі пойыз есігіне қысылып қалып, ол да қаза тапқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!