Қазақстанда полицияның жаңа бөлімшесі құрылады

13:07, 1 қазан 2026
MKZ: 1569922

© Фото: Zakon.kz

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің "LRT нысандарындағы көліктегі полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.

Мемлекеттік мекеме республикалық бюджетте ҚР Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және сол қаражат шегінде қаржыландырылады.

Басқарма ІІМ қарамағындағы аумақтық органдар тізбесіне де енгізілді.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!