Өскеменде жаңа жағажай пайда болуы мүмкін

11:27, 4 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Өскемендегі Кен емес материалдар комбинаты маңындағы қазаншұңқырлардың аумағы абаттандырылып, жақын арада жағажайға айналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sozmedia мәліметтері бойынша, бұл жұмыс жақын арада басталып, күзге дейін аяқталады.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышовтің брифингі сөзіне сүйенсек, дәл осы шұңқырларда жағажай жабдықталатын болады.

Сондай-ақ, онда маршруттық өзен трамвайларын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Әзірге бұл идея даму сатысында.

Бұған дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб маңызды мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!