Өскеменде полицей көлігімен жаяу жүргіншілер жолағында үш жасар баланы қағып кетті
© Сурет: Zakon.kz
Өскеменде полиция қызметкері көлігімен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан үш жасар баланы қағып кеткен. 2024 жылы 11 қыркүйекте Өскемен қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты осы іске қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта Өскемен қаласында 2024 жылы 6 маусымда кешкі уақытта TOYOTA CARINA E көлігін тізгіндеген азамат А. Қазыбек би көшесі бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында 2020 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншіге жол бермей, оны қаққан. Салдарынан жаяу жүргінші С. дене жарақаттарын алды.
Сот отырысында азамат А. өз кінәсін мойындады.
Жасалған құқық бұзушылықтың мәнжайлары, азамат А-ның түсініктемесінен басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, оқиға қатысушыларының сұрау хаттамаларымен расталды. 2024 жылғы 8 тамыздағы сот-медициналық сараптаманың қорытындысында кәмелетке толмаған жәбірленуші С-ның дене жарақаттары жеңіл дәрежедегі денсаулыққа келтірілген зиян белгісі деп көрсетілген.
"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайларын, жол көлік оқиғасының салдарын ескеріп, азамат А-ны көлік құралын басқару құқығынан тоғыз ай мерзімге айыру қажет деп санады", делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады
-
15:05, 14 наурыз 2026
Алматыда үш күн ішінде полицейлер көшеде жүрген 250-ден астам жасөспірімді анықтады





