«Ортақ мақсаттар үшін»: аманаттықтар «Әділет» партиясына қосылу туралы шешімді қолдады

16:11, 12 маусым 2026

© Фото: senate.parlam.kz

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Әділет" партиясымен қосылу ресурстарды біріктіріп, әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру бағытындағы жұмысты күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қошановтың айтуынша, бүгінгі таңда елге алауыздық тудыратын жаңа себептер емес, керісінше ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктіретін тұстар қажет.

"Осы жауапты сәтте біз бірлесе, ресурстарымызды жаңа саяси партия – "Әділет" партиясымен қосуымыз керек. Осылайша бір саяси күштің құрамында отырып, әділетті және прогрессивті Қазақстанды құруды жалғастырамыз. Біз өз ұстанымдарымыздан, сенімдеріміз бен идеяларымыздан бас тартпаймыз. Керісінше, оларды одан әрі күшейтіп, мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығарамыз. Әлемдік тәжірибеде ел мүддесі үшін партиялардың күш біріктіруінің көптеген мысалдары бар", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл – табиғи әрі саяси жағынан жетілген қадам.

Бүгін, 12 маусымда Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр. Онда делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!