Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 10 автокөліктің өртін сөндірді

09:32, 20 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Өрт сөндірушілер бір тәуліктің ішінде 10 көліктің өртін сөндірді. Оқиғалар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жалынға оранған 5 жеңіл көлік пен 5 жүк көлігін сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ баспасөз қызметі автокөлікті өрттен қорғау үшін керек шараларды еске салды:

  • автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.

Бұған дейін Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!