Қытайдың кесірінен 2026 жылдың соңына дейін 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
© Сурет: pixabay
Eurometal 2026 жылдың соңына дейін ЕО-да өңдеу өнеркәсібіндегі 300 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін екенін айтты. Бұған Қытайдың Еуропа өнеркәсібіне қажетті бөлшектерді жеткізу нарығында күшеюі себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымы жазғандай, еуропалық компаниялар тауарлардың арзандығына, юань бағамының төмен болуына және Қытай өнімдеріне көмірқышқыл газы шығарындылары үшін баж салығының салынбауына байланысты қажетті бөлшектерді Қытайдан сатып алуға мәжбүр.
Қытайдың Еуропалық одақпен саудадағы профициті рекордтық деңгейге жетіп, тәулігіне 1 млрд еуроны құрап отыр.
7 қыркүйекте Брюссельде Еуропалық комиссияның штаб-пәтері алдында наразылық акциясы өтеді. Акция кезінде он табыт қойылып, оларға "ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігі", "Өнеркәсіптегі жұмыс орындары" және "Еуропалық зауыттар" деген жазулар жазылды.
Наразылық акциясы биліктің назарын Қытайдың негізгі жеткізу тізбектеріне мақсатты түрде еніп, тауардың толық өндірістік тізбегін бақылауға ұмтылып жатқанына аударуды көздейді.
Eurometal басшысы Александр Юлиус Қытайдың шикізат жеткізушісі емес, дайын компоненттер жеткізушісі болуға ұмтылып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Еуропалық комиссия Қытай экспансиясының салдарымен емес, импорттың Қытайға тәуелді болуына әкелетін "вируспен" күресуі керек.
Бұған дейін Астанада өндірілген өнімдердің қай елдерге экспортталатыны туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 7 қыркүйек 2026
Таиландта 2000 жыл бұрынғы жұмбақ жазуы бар алтын сақина табылды
-
11:53, 7 қыркүйек 2026
Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті: бес адам қаза тапты
-
11:42, 7 қыркүйек 2026
Кабардин-Балқария тауында қар көшкіні жүріп, 10 альпинисті басып қалды
-
11:34, 7 қыркүйек 2026
Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына шықты
-
11:26, 7 қыркүйек 2026
Бір тапсырыс үшін 4,5 млн теңге алып, ізім-ғайым жоғалған: Астанада әлеуметтік желідегі алаяқтар сотталды





