Оралда тағы бір апатты үй сүрілді
Орал қаласының Некрасов көшесі, 22 мекенжайындағы 1868 жылғы үй сүрілді. Оның орнына 55 пәтерлі 5 қабатты үй салынып, келесі жылы күзде пайдалануға берілмек. Облыс орталығындағы құрылыстарды өз көзімен көріп жүрген облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл жердегі жұмыстармен танысты, деп хабарлайды zhaikpress.kz.
Бұл 12 пәтерлік ХІХ ғасырда салынған ескі үй апатты деп танылған. Тұрғындары он күн бұрын көшірілген. Бұл тұрғындарға жаңа үй құрылысы біткесін сол үйден тегін пәтер беріледі. Қалған пәтерлердің жартысы "Тұрғын үй жинақ банкі" салымшыларына беріліп, жартысы сатылады. Үйді "Құрылыс материалдары корпоратиясы" АҚ өздері шығарған силикат кірпіштен тұрғызбақ.
-Орал қаласында 40-тан астам апатты жағдайдағы, 200-ден астам ескі үй бар. Мысалы бүгін сүрілген ескі үйде адамға қажетті жағдай жоқ болатын. Оның орнына жаңа үй салынып, тұрғындарға өзінің шаршы метр үйіне сай пәтер береміз. Тамыз айында 6 қабатты үй пайдалануға беріледі. Оның орнында ескі 3 үй болды. Бұл тұрғындарға да, инвесторларға да қолайлы бағдарлама. Ең бастысы, тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесі шешілуде. Екіншіден, қаламыздың көркі жаңаруда. Екі жыл ішінде 20 үй бұзылып, орнына жаңа құрылыс салынуда,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 26 сәуір 2024
Тағы бір есірткі зертханасы жойылды
-
14:08, 26 сәуір 2024
Қошанов: Шыңжаң аймағы бізді Қытаймен байланыстырады
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт
-
13:37, 26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды