Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің суреттері жарияланды

20:06, 7 тамыз 2022

БҚО. 7 тамыз. 7kun.kz – БҚО кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің суреттерін жариялады,деп хабарлайды 7kun.kz.

«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 2022 жылдың 6 тамызында сағат 19.55 шамасында аса ауыр қылмыс жасаған 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жариялайды. Махамбет көшесіндегі 15 ғимаратта адам өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан», — деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Қазір қылмыскердерді іздестіру мен ұстауға департаменттің барлық күші мен құралдары жұмылдырылып, полиция қызметкерлері олар болуы мүмкін барлық жерді қарастыруда. Барлық жеке құрам мен оған бекітілген күштер жұмылған.

«Бұл қылмыс БҚО ПД басшылығының күнделікті ерекше бақылауында. Егер күдіктілер болуы мүмкін немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. Аноним болатыныңызға кепілдік беріледі», – деді ПД-да.

Айта кетйік, кеше Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған белгілі кәсіпкер өлтірілген еді. Кейін бейнебақылау камераларына оның қалай өлтірілгені түсіп қалғаны белгілі болды. Онда екі жігіт қашып бара жатқанын, бірінің қолы қан болғанын байқауға болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!