Оңтүстік Қазақстанда қариялар бата беруден жарысты
09:21, 24 қараша 2017
Оңтүстік Қазақстан облысында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты сайыс өтті. Арыс ауданында ұйымдастырылған сайыста қазыналы қарттар қанатты сөз айтудан сынға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету. Байқау талаптары бойынша жарысқа 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысты. Олар мақал-мәтел мен өнегелі-өсиет сөздер айтудан сайысты. Бата беру мен өнер байқауынан бақтарын сынап көрді. Ауыл ақсақалдары, сондай-ақ тосыннан қойылған сұрақтарға аталы сөзбен жауап қайтарып, әр бағытта берілетін баталардың мәнін түсіндіріп отырды.
Сайыс қортындысымен қазылар алқасы бірінші орынға Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебекті лайық деп тапты. Ал екінші орын аудандық ардагерлер ұйымының атынан қатысқан Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеевтерге бұйырды. Үшінші орынды Дермене ауылының қариясы Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласының ақсақалы Тыныштық Карбозовтар иеленді. Жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
Фото: www.inform.kz
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады