Елімізде әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысуын арттыру бойынша жаңа жоспар қабылданды
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің "Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік" күн тәртібін іске асыру жөніндегі екінші ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасында 2026-2028 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің "Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік" күн тәртібі шеңберіндегі 1325-қаулысын іске асыру жөніндегі екінші ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді, деп хабарлайды 2026 жылы 4 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Құжат әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, жанжалдардың алдын алу мен оларды шешу ісіне белсенді араласуына, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысын күшейтуге бағытталған.
Алғашқы ұлттық іс-қимыл жоспары бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында гендерлік теңдік қағидаттарын орнықтырып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы тиімді әріптестіктің дамуына тың серпін берді.
Жаңа жоспар климаттың өзгеруі, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, көші-қон үдерістері және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер сияқты бүгінгі күннің өзекті сын-қатерлерін ескере отырып жаңартылды.
2026-2028 жылдарға арналған жоспарға жалпы 40 іс-шара енгізілген.
Құжатты іске асыруға мемлекеттік органдармен қатар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық қауымдастық өкілдері қатысады.
Екінші ұлттық іс-қимыл жоспарының қабылдануы Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындауға деген дәйекті ұстанымын айғақтайды. Құжат гендерлік теңдікті ілгерілетуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің әлеуетін арттыруға әрі елдің орнықты дамуына жол ашады.
Айта кетейік, 2004 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1325-қаулысын ұлттық деңгейде іске асыруға шақырған болатын. Сол жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы гендерлік теңдікті қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспарын қабылдап, ұйымға мүше 57 мемлекетті "Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік" күн тәртібін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге міндеттеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 4 шілде 2026
Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:02, 4 шілде 2026
Кейбір көліктер күзде 50 пайызға дейін арзандауы мүмкін - сарапшы болжамы
-
16:01, 4 шілде 2026
Алматы облысында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан жылан ұстап алды
-
15:33, 4 шілде 2026
Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр
-
15:33, 4 шілде 2026
Жерде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр





