Олимпиада ойындарындағы шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырда сынға түсті

17:08, 17 ақпан 2026

© Сурет: olympic.kz

Шаңғы қоссайысынан Қазақстан құрамасының өкілі Шыңғыс Рақпаров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 17 ақпанда отандасымыз шаңғымен үлкен тұғырдан секіру сайысында бақ сынады.

Рақпаров бұл кезеңде 88,4 ұпай жинады. Гундерсен жүйесіне сәйкес, шаңғы жарысында ол секіруден ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шығады.

Аралық есепте жапониялық Риота Ямамото көш бастап тұр.

Айта кетейік, шаңғы қоссайысының екінші кезеңі бүгін, Астана уақытымен сағат 17:45-те басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!