«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің бірқатар өңірінде 17 ақпанда дауылды ескерту жарияланды

22:22, 16 ақпан 2026

© Сурет: freepik

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 17 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда 17 ақпанда түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды. Атырауда 17 ақпанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда 17 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Қонаевта 17 ақпанда түнде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда 17 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар),көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 17 ақпанда көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Астанада 17 ақпанда түнде аздап қар жауады, күндіз аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр болып, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте 17 ақпанда түнде жаңбыр жауады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 17 ақпанда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, аздап қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қарағандыда 17 ақпанда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Оралда 17 ақпанда тұман, түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 17 ақпанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Павлодар облысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 17 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында аздап қар жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түсетіні болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 17 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 17 ақпанда кей уақытта тұман түседі деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 17 ақпанға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатынын ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!