Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 17 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын", – деп жазылған жеделхатта.
Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:28, 9 қараша 2026
«Бұл – махаббат емес». ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті
-
13:17, 9 қараша 2026
Қазақстандықтарға тегін медициналық көмек: Көз ауруларын анықтайтын мобильді орталық іске қосылды
-
13:03, 9 қараша 2026
Ғалымдар отбасылық қарым-қатынасты нығайтатын қарапайым әдетті анықтады
-
12:53, 9 қараша 2026
Қуық асты безінің обыры: МРТ зерттеуін дұрыс тағайындау неге маңызды
-
12:45, 9 қараша 2026
Конституциялық Сот түсіндірді: акционердің шешімі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын өздігінен тоқтатпайды





