Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды
© Сурет: freepik
Петропавлда Уәлиханов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастырды.
"Барлығы 35 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі өршуіне жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", делінген 2026 жылғы 16 ақпандағы ведомство хабарламасында.
ТЖМ өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарласып, сабыр сақтауды ескертеді.
Бұған дейін Маңғыстау облысында қатты жел сауда орталығының шатырын жұлып әкеткенін жазғанбыз. Аталған төтенше оқиға салдарынан тұрақта тұрған екі көлік және бір көше жарықтандыру бағаны бүлінді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 17 сәуір 2026
Вьетнам жағажайында жоғалған алматылық қызды қазақстандықтар тауып берді
-
14:07, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесі жаңартылуда
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
-
13:28, 17 сәуір 2026
FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты





