Өлген төлін көтеріп жүрген пілдің суреті көпшілікті тебірентті
© Сурет: pexels
Итальяндық фотограф Федерико Веронези Намибиядағы Хуаб өзені аңғарында пілдер тобын бақылап жүріп, қайғылы көрініске куә болды. Аналық піл өліп қалған төлінің денесін көттеріп жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Explorersweb басылымының жазуынша, жабайы табиғатты суретке түсіретін итальяндық фотографтың бұл кадры "Жылдың үздік жабайы табиғат фотографы – 2026" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.
Ал осы жылдың басында орка китінің өлі төлін су бетіне қайта-қайта көтеріп жүрген сәті бейнеленген Вегард Биркьеланд Аасеннің фотосуреті екінші орын алған.
Бұл әсерлі суреттер байқаудың негізгі мақсатын – жануарлардың қайғы-қасіретін және жабайы табиғаттың күрделі әлемін көрсету міндетін айқындайды.
Байқау жеңімпаздары жабайы табиғат пен қала өмірінің өзара байланысын зерттеп, табиғаттың әсемдігін құжаттап, жануарлар тіршілігіндегі ерекше сәттерді бейнелейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:58, 19 қазан 2026
Қазақстанда күн -8°C-қа дейін суытады: 20–22 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
12:45, 19 қазан 2026
Берік Асылов Еркін Ғаббасовтың халықаралық аренадағы жетістігін атап өтті
-
12:36, 19 қазан 2026
Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді
-
12:28, 19 қазан 2026
Жәрдемақы көпбалалы отбасылардың бәріне бірдей тағайындалмайды: Қазақстанда 2027 жылдан бастап не өзгереді
-
12:16, 19 қазан 2026
Starlink, криптовалюта және Қытайдан келген алаяқтар: ҰҚК Қазақстанда жасырын әрекет еткен топты әшкереледі






