Оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: тағы бір қызылордалық әйел төрт жылға сотталды
© Сурет: pexels
Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта анықталғаны:
- Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
- Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы:
- Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, 5 млн теңге моральдық зиян өндіру жөнінде талап қоюды ішінара қанағаттандыруды сұрады.
- Жәбірленуші және оның өкілдері сотталушыны кінәлі деп танып, оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының төменгі мөлшерін тағайындауды сұрады.
- Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары бойынша қылмыс құрамының болмауына орай ақтауды.
Сот шешімімен:
- ҚК-нің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағандығы және жас баласының болуы танылады. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.
- ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.
- Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, моральдық зиянды өндіру туралы талап қою ішінара қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:15, 26 желтоқсан 2024
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды
-
23:49, 25 желтоқсан 2024
Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді
-
23:27, 25 желтоқсан 2024
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
-
22:56, 25 желтоқсан 2024
Тұман, көктайғақ: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:41, 25 желтоқсан 2024
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйітін туыстары қашан алып кете алады