Объектілерді террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектілерге жатқызу критерийлері өзгертілді
© Сурет: Zakon.kz
Үкіметтің 2024 жылғы 7 қарашадағы қаулысымен объектілерді террористік тұрғыдан осал топтарға жатқызу ережелері мен өлшемдеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа редакцияда бір тармақ жазылған.
Мәселен, стратегиялық объектілерге, стратегиялық маңызы бар, террористік тұрғыдан осал экономика салаларының объектілеріне мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері:
- жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарды тауарлық газбен қамтамасыз ететін және осы тармақшаның өлшемшарттарына сай келетін газ бөлу станциялары;
- электр (50 МВт жоғары) және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар, орталықтандырылған жылумен жабдықтау (100 Гкал жоғары) (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, ЖЭО, МАЭС, ГЭС, ГТЭС, ЖЭС және қазандықтар) аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар, жүйелік оператордың 220 кВ және одан жоғары кіші станциялары;
- ауызсумен жабдықтау объектілері – саны 5000 (бес мың) адамнан асатын су тұтынушыларға ауызсу беруді қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары.
Бұдан басқа, стратегиялық объектілерге, террористік тұрғыдан осал экономика салаларының объектілеріне мыналар жатады:
- Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері;
- Мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының объектілері;
- көлік инфрақұрылымы объектілері ("сыныптан тыс", "1", "2" және "3" сыныптарына жататын теміржол вокзалдары, халықаралық рейстер жасайтын кемелерге қызмет көрсететін теңіз порттары, әуежайлар (әуеайлақтар), аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілердің объектілері;
- Су шаруашылығы объектілері (гидротехникалық құрылыстар — су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын су тораптары, шлюздер, бөгеттер, су жинау құрылыстары), олардың бұзылуы (қызметінің бұзылуы) жаһандық, өңірлік немесе жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін;
- мұнай немесе газды өңдеу, Мұнай және (немесе) газды ыдыстарда сақтау, уран өндіру және қайта өңдеу жүзеге асырылатын объектілер; химия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
- қорғаныс өнеркәсібінің объектілері;
- байланыс, телекоммуникация, телерадио хабарларын тарату объектілері (ұлттық спутниктік телерадио хабарларын тарату дирекциясының техникалық орталықтары, облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Радиотелевизиялық станциялар);
- жердегі ғарыштық инфрақұрылым объектілері;
- жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі ұйымдары;
- атом энергиясын пайдалану объектілері.
Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:31, 25 қараша 2024
Полиция алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді ұстады
-
14:23, 25 қараша 2024
Еліміздегі мұнай қанша жылға жетеді
-
14:10, 25 қараша 2024
25 мыңға жуық алматылықтар орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылатын болады
-
13:57, 25 қараша 2024
Сәтқалиев: Елімізде мұнай өндіру айтарлықтай төмендеді
-
13:46, 25 қараша 2024
Астананың жаңа ауданында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы құрылды