Еліміздегі мұнай қанша жылға жетеді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Депутат Еділ Жаңбыршин 25 қарашада Мәжілістегі Үкімет сағатында алдағы 15 жылда Қазақстанда көмірсутек ресурстарының қоры таусылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еділ Жаңбыршин бүгінгі таңда мемлекеттің есебінде көмірсутек шикізатының 548 кен орны бар екенін, мұнай қорының жалпы көлемі 4,3 млрд тоннаны құрайтынын еске салды.
"Көмірсутек шикізаты қорының 72%-ы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарына тиесілі. 10-15 жылдан кейін осы үш ірі кәсіпорында мұнай мен газ өндіру көлемі төмендейтіні анық. Сонымен қатар, игерудің кеш кезеңіндегі кен орындарында мұнай мен газ өндірісі төмендейді, кейбіреулері жұмысын тоқтатады... Егер геологиялық барлаудың қазіргі баяу қарқыны және мұнай өндірудің бүгінгі қарқыны сақталса, онда алдағы 15 жылда көмірсутек ресурстарының қоры таусылады", — деді мәжілісмен.
Бұған дейін Сәтқалиев елімізде мұнай өндіру айтарлықтай төмендегенін мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:11, 25 қараша 2024
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
-
16:01, 25 қараша 2024
Астанадағы LRT станциялары жер астынан да өтетін болады
-
15:54, 25 қараша 2024
Павлодар облысының әкімі өңірдегі балалармен болған зорлық-зомбылық оқиғаларына түсініктеме берді
-
15:45, 25 қараша 2024
«Мектепке жарылғыш зат орнаттым»: ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды
-
15:31, 25 қараша 2024
Петропавлда «синтетика» таратқан күдіктілер ұсталды