Нью-Йорк соты «Эксимбанк» экс-басшысының қазақстандық бизнесмендерге деген талабын қабылдамады
© Сурет: pixabay
Бір жыл бұрын желіде АҚШ-қа қоныс аударған "ОАЭК" АҚ және "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ-ның бұрынғы басшысы Еркін Әмірханов "ОАЭК" АҚ бұрынғы президенті Гүлнара Артамбаевамен бірге АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының шығыс округі бойынша федералды сотына талап арыз бергені туралы ақпарат пайда болды.
Сотта жауапкерлер Әмірхановтың бұрынғы серіктестері — Сергей Кан мен Александр Клебанов болды.
Біздің редакциямыз бұл тақырыпты 2023 жылдың қазан айында жарияланған "Қазақстандық Forbes-тен тікелей АҚШ-қа" атты материалда көтерген болатын. Онда Әмірхановқа бірқатар сұрақтар қойылды: оның АҚШ-тағы қазіргі жағдайы (азаматтығы, тұруға рұқсаты, жұмыс визасы т.б), сондай-ақ оның ұзақ тұруын ескере отырып, АҚШ-та қандай қаражатпен күн көріп отырғаны және Нью-Йорк сотында заңды сүйемелдеу мен талап қою шығындарын қалай төлейтіні туралы. Алайда бұл сұрақтар сол күйі жауапсыз қалды.
Алайда, Еркін Әмірхановтың өзін жұртшылық алдында құрбан ретінде көрсетуге тырысқанына қарамастан, бұл оқиға оның пайдасына аяқталмады.
Ресми дереккөздерден белгілі болғандай, 2024 жылғы 30 қыркүйекте Нью-Йорк қаласының шығыс округі бойынша АҚШ федералды соты Еркін Әмірхановтың шағымы бойынша толық көлемде бас тартты. Судья (ДеАрси Холл) талапкердің жауапкерлерге қойылатын талаптары перспективасыз деп санап және сот хатшысына істі жабуды бұйырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:54, 18 қараша 2024
Таразда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады
-
13:30, 18 қараша 2024
Қазақстанда тексеру зертханаларына қойылатын талаптар жаңартылды
-
13:05, 18 қараша 2024
«Бишімбавтың ізбасары»: қызды аяусыз ұрып-соққан қазақстандықтың әрекеті көпшіліктің жағасын ұстатты
-
12:49, 18 қараша 2024
Астанада бірден екі ауданның әкімі ауысты
-
12:24, 18 қараша 2024
21 қарашада Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді