Нұрсұлтан Назарбаевтан айнымайтын азамат қалай өмір сүріп жатыр
20 жылдан бері Қостанайда тұратын Сәрсенбай Доданов мемлекет басшысы Нұсрұлтан Назарбаевқа қатты ұқсайды. Ол бүгінде Қазақстан темір жолының Қостанайдағы бөлімшесінде диспетчер болып қызмет атқарады. Өзінің айтуынша, оны алғаш көргендер қатты таңғалып, кейбіреулер тіпті қобалжып, абдырап қалады екен. Бұл туралы «Евразия бірінші арнасы» хабарлайды деп жазды stan.kz.
«Еліміздің патшасына ұқсағасын, бүкіл жұрт, халық біледі. Содан төрін береді. Кейде жолда келе жатқанда, МАИ-дің қызметкерлері тоқтатып: «Ой, аға, сіз екенсіз ғой, бара беріңіз, бара беріңіз», – дейді. Кәдімгі өмірде, әртүрлі жағдайда көмегі жиі тиіп тұрады», – дейді Сәрсенбай Доданов.
Сәрсенбай Додановты мектептерге, балабақшаларға, сондай-ақ, жекелеген азаматтар қонақтықтарға сөз сөйлеуге шақырып тұрады екен. Тіпті, Ресейде жарнамаға түсуге де ұсыныс жасалыпты. Дегенмен, президенттің сыңары кез-келген ұсынысқа келісе бермейтінін айтады. Ал «Елбасы жолы» киноэпопеясының кейбір эпизодтарын сомдауға қарсылық білдірмепті.
«Теміртау қаласында Астана қаласында түсірілімдер болды. Елбасының қазіргі кезін, еске алу сәттерін ойнап бердім. Енді өте қиын емес қой деп ойлаймын. Өзімнің қолымнан келгенше. Мен енді кәсіби актер емеспін ғой. Ойнап бердік», – дейді ол.
Түрі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсағанымен, Сәрсенбай Доданов күнделікті өмірде елбасының жүріс-тұрысын, қылықтарын қайталауға тырыспайтынын айтады. Өзінің басқа адам екенін жақсы ұғынады екен. Бүгінде ол бос уақытында екі қыз, бір ұлынан туған немерелерін бағып, қарапайым ғұмыр кешіп жатыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 8 мамыр 2024
Құлжа тас жолында тағы бір жол апатынан бір адам мерт болды
-
17:23, 8 мамыр 2024
Парижге баратын соңғы мүмкіндік: балуандар Ыстамбұлдағы іріктеу сынына қатысады
-
17:14, 8 мамыр 2024
Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады
-
16:36, 8 мамыр 2024
Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
-
15:59, 8 мамыр 2024
Түркістан облысында 16 оқушы отырған «Газель» өртенді