Нұрғис Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

21:17, 12 желтоқсан 2024

© Сурет: olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғис Әділетұлы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Зілтемірші 96 келіге дейінгі салмақта алтын медальді жеңіп алды.

Нұрғиса 388 (174+214) келіні бағындырды. Бұл нәтиже әлем чемпионатын бірінші орынмен аяқтауға жеткілікті болды.

Реваз Давитадзе (Грузия) күміс жүлдені жеңіп алды - 387 (177+210) келі. Үздік үштікті 387 (173+214) келімен ирандық Али Алипур түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Чуркин 81 келіге дейінгі салмақта күміс алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!