Нұр-Сұлтанда үш жасар қыз терезеден құлап кетті

17:32, 6 шілде 2022

© Сурет: pixabay

Бала 13-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Қайғылы оқиға 5 шілде күні сағат 22:00 шамасында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі ата-аналардың баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан болады. Бала ересектердің көзінен таса болып, терезе ашық тұрса, баланың құлау қаупі өте жоғары. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Елордалық полицейлерінің ата-аналарға арналған кеңесі:

  • бала үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз;

  • москит торларына ешқашан сенбеңіз – бала соған сүйеніп, тормен қоса құлап түседі;

    бала терезені өз бетімен аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін (бекіткіш, блокаторлар) орнатыңыз;

  • барлық жиһазды терезелерден алысырақ қойыңыз, бұл баланың терезеге шығып алуынан қорқайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!