Нұр-Сұлтанда ХҚО-лардың жұмыс уақыты 2 сағатқа қысқарды
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен елордалық ХҚО-лардың жұмыс уақыты 2 сағатқа қысқарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар автоХҚО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға дүйсенбі-жұма күндері 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 18.00-ге дейін аралығында жүгіне алатын.
Сондай-ақ, ХҚО-ларда әлі де карантин талаптарына сай бетперделік режим және дистанция сақталады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары:
№1 Есіл аудандық бөлімі – Мәнгілік ел даңғылы, 30;
№2 Есіл аудандық бөлімі – Сауран көшесі,7;
Алматы аудандық бөлімі –Тәуелсіздік даңғылы, 32;
Байқоңыр аудандық бөлімі –Абай даңғылы, 80;
№1 Сарыарқа аудандық бөлімі –Республика даңғылы, 43;
№2 Сарыарқа аудандық бөлімі –С409 көшесі, 13;
№1 мамандандырылған ХҚО –20 – 40 көшесі, 2.
№2 мамандандырылған ХҚО –А-82 көшесі, 8 ("Нұрлы-жол" вокзал кешені ғимараты)
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 25 сәуір 2024
Түркістанда әкімдік қызметкері комиссия отырысында балабақша иесін ұрып жіберген
-
22:19, 25 сәуір 2024
Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті
-
22:19, 25 сәуір 2024
Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесті
-
21:42, 25 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирді сәтті бастады
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты