Нұр-Сұлтанда барлық әуе рейстері тоқтатылды

10:29, 27 қаңтар 2020

Елорда әуежайындағы барлық рейс тоқтатылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз хатшысы Жеңіс Ахметжановқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайдағы барлық рейстер белгісіз уақытқа тоқтатылды", – деді Жеңіс Ахметжанов.

Еске салсақ, елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Айта кетсек, елордадағы ақтүтек боран 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні басталған еді. Ақ түтек боран мен қалың қар қалада қозғалысты ауырлатып жіберді. Сондай-ақ, бүгін қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттеріне сабақ болмайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!