Нұр-Сұлтанда ажырасқан күйеуі бұрынғы әйелін алып қашып, ұрып-соққан
Нұр-Сұлтанда азаматтық некедегі күйеуі әйелін 2 жылдан астам уақыт бойы ұрып-соғып, одан қалды балаларын тартып алатынын айтып, қорқытып келген. Полицияға шағымданудан еш нәтиже шықпайтынын айтқан еркек, нәзік жанға білгенін істепті.
Күйеуінен теперіш көрген келіншек сәуір айында анасының үйіне көшіп кеткен. Бұған ашуланған ер адам 6 мамыр күні 27 жастағы жарын машинасына салып, ұрлап әкеткен. Жол бойы оған тағы да жұдырық жұмсап, боқтық сөздер айтқан.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Дина Тансари, "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының президенті:
"11 сәуір күні біздің ұйымға Иринаның өзі хабарласып, өз жағдайын айтып берді. Бірнеше жыл қатарынан зорлық-зомбылық көрген ол балалары үшін қайтып келуге мәжбүр болғанын алға тартты. Күйеуінің әкесі бизнесмен болғандықтан, барлық істі ақшамен шешілетінін айтып, қорқытыпты. Мен сіздердің арналарыңыз арқылы көмек сұраймын. Ирина қазір өте ауыр жағдайда. Оған міндетті түрде психологтардың көмегі керек".
"НеМолчиKZ" қоғамдық қорындағылардың айтуынша, Нұр-Сұлтандағы "Байқоңыр" ауданы полиция бөлімшесінде жұмыс істейтін тәртіп сақшысы, Иринаны "мені ешкім ұрлаған да, ұрған да жоқ" деп түсініктеме жазуға көндірген. Қазір аталмыш полицей де, қол көтерген жігіттің әкесі де тергеуге алынған. Ал, жылдар бойы әйеліне қорлық көрсетіп келген ер адам қамауда отыр.
Қайрат Артықов, қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары:
"Қазіргі таңда сезікті азамат қылмыстық процессуалдық кодексінің 128 бабы бойынша ұсталған, уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, адам ұрлап кету, қинау және заңсыз мүлкіге кіру баптары бойынша. Қозғалған қылмыстар ауыр дәрежелі қылмысқа жатады 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін".
Қазір Ирина қылмысқа қарсы күрес басқармасының бақылауында. Оның баспанасы тәулік бойы күзетілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





