Нұр-Сұлтанда ақша бопсалады деген күдікпен журналист Махамбет Әбжан ұсталды

09:15, 3 шілде 2022

© Сурет: видеодан алынды

Журналист Махамбет Әбжанды ұстап жатқан сәттің видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны елордадағы бизнес-орталықтардың бірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстады.

Құзырлы ведомство оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ақша бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Әбжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Антикор

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Әбжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. М. Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатқандығы да айтылады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!