Нұр-Сұлтан әуежайында барлық рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді

11:01, 27 қаңтар 2020

Ауа-райының қолайсыздығы мен көру мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында барлық рейстер белгісіз уақытқа дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды zakon.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қазір желдің жылдамдығы секундына 20 мерт болып ұйытқып тұр. Болжам бойынша ол 27 м/сек дейін күшеюі мүмкін. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында 19 ішкі рейс, 13 халықаралық рейс ұшып шығу уақытынан кешігуде, сондай-ақ 14 ішкі рейс, 4 халықаралық рейс тоқтатылды.

16 халықаралық рейс, 20 ішкі рейстің ұшып келу уақытында өзгеріс бар, 3 ішкі рейс, 2 халықаралық рейс тоқтатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!